Монографияда Советтік Қазақстандағы Яссауилік пен ишандық дәстүрдің тарихы жан-жақты зерттеледі. Еңбекте сопылыққа қарсы советтік саясаттың қалыптасуы, ишандарға бағытталған қысым мен репрессиялар, сондай-ақ Түркістан-Сайрам өңіріндегі Яссауилік дәстүрдің...
More
Монографияда Советтік Қазақстандағы Яссауилік пен ишандық дәстүрдің тарихы жан-жақты зерттеледі. Еңбекте сопылыққа қарсы советтік саясаттың қалыптасуы, ишандарға бағытталған қысым мен репрессиялар, сондай-ақ Түркістан-Сайрам өңіріндегі Яссауилік дәстүрдің үзілу үдерісі талданады. Сонымен қатар атеистік насихаттың қоғамдық санаға ықпалы, Діни басқарманың сопылықты шектеу тәжірибесі, қожа-ишандар мен олардың ұрпақтарының советтік қоғамға бейімделу жолдары және рухани сабақтастықты сақтау тетіктері қарастырылады. Бұл еңбек тарихшылар мен дінтанушыларға, докторанттар мен магистранттарға, сондай-ақ Қазақстандағы сопылық дәстүрдің тарихына қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.
Less