Оралхан Бөкей. «Жылымық» 1. Мүмкін... Аузым бармайды ондай жамандыққа... Айтуға аузы бармады – Басқа кісіге түрлі себеппен жеткізуге болмайтын әңгіме туралы айтылады. 2. Сен қу мекен далада өскен ақ қайың ең, желіккен жел жұп-жұқа қабығыңды сыдырып,...
More
Оралхан Бөкей. «Жылымық» 1. Мүмкін... Аузым бармайды ондай жамандыққа... Айтуға аузы бармады – Басқа кісіге түрлі себеппен жеткізуге болмайтын әңгіме туралы айтылады. 2. Сен қу мекен далада өскен ақ қайың ең, желіккен жел жұп-жұқа қабығыңды сыдырып, қалтырап тұрсың-ау, жазған; қалтырап тұрып сыңсып ән саласың-ау, жазған; сол мұңлы үн менің құлағыма еміс-еміс естілгендей болады; сол сай сүйегіңді сырқыратар жетім әуен тым жалғыздығыңның – тым жарымжандығыңның бебеу қаққан жаршысы, адамдар тіпті бүкіл әлем алдындағы аппақ ар-ожданының арашашысы сықылданатын. Жазған – сын. 1. Бейбақ, байғұс, бейшара. Сай сүйекті сырқыратты – Қайғыртып егілтті, күйзелтті. Бебеу қақты – а) Безілдеді, зарлады, зар иледі. Арашашы – зат. Арашалаушы, ара түсуші, қорғаушы. 3. Мен осы бір суретті көрген сайын, тіршіліктің мәнін бұдан әлдеқайда терең түсініп, адам өмірінің шын қуанышын, шын қайғысын жырлау, сипаттау екінің бірінің қолынан келмейтіндігіне илана түсетінмін. Қолынан [түк]келмейді [келері жоқ] – Ештең
Less