АВСТРАЛИЯДА НЕҢ БАР ЕДІ, ҚҰЛЫНЫМ?!. (ШЫМ-ШЫТЫРЫҚ ОҚИҒАЛЫ ХИКАЯ) ТҰРСЫНБЕК ƏЛИҰЛЫ. Мына заманда интернет арқылы кім-кіммен таныспай жатыр? Біз де таныспыз неше түрлі жандармен. Сонау Америкада, Африкада, Жапонияда, тіпті жердің арғы бетіндегі Австралияда да...
More
АВСТРАЛИЯДА НЕҢ БАР ЕДІ, ҚҰЛЫНЫМ?!. (ШЫМ-ШЫТЫРЫҚ ОҚИҒАЛЫ ХИКАЯ) ТҰРСЫНБЕК ƏЛИҰЛЫ. Мына заманда интернет арқылы кім-кіммен таныспай жатыр? Біз де таныспыз неше түрлі жандармен. Сонау Америкада, Африкада, Жапонияда, тіпті жердің арғы бетіндегі Австралияда да достарым бар. Бұған университетте əжептеуір меңгеріп алған ағылшын тілі көмектеседі. Ағылшын тілінде жазылған жазбаларды жақсы түсінемін. Бірақ сөйлесуге жоқпын. Құлағым қақпайды. Бұған тəжірибенің жоқтығы кесірін тигізіп жүр. Кеңес Одағы кезінде ағылшын тілінің дəл қазіргідей беделі болмайтын. Бірінші курста кім қандай шет тілін оқығысы келеді деп сұрағанда ағылшын тіліне жазыла салғанмын. Араб, неміс тілдеріне де жазылып жатқандар болды. Бірақ солардың біреуі де шет тілін меңгеріп шыққан емес. Теорияны оқыта береді. Тəжірибе жоқ. Мəтіндермен ғана жұмыс істейміз. Сондықтан қағазға жазылған мəтінді түсінемін де, сөйлесе алмаймын. Бірде сонау жер түбіндегі Австралиядан шақырту алдым. Смит досым жіберіпті. Ұлы үйленіп жатыр екен. Тойға
Less