«АТАУКЕРЕ» РОМАНЫ: ҚАЗАҚ ПЕН ОРАҒАҢ Қазақ әдебиетін көзінің тірісінде-ақ әлемге әйгілеген ұлт тарландарының бір шоғыры еске түскенде, сөз басы Оралхан Бөкейден басталары анық. Өйткені, туған елінің әдебиетін әлденеше асуға арқалап апарып, әлемдік деңгейдегі...
More
«АТАУКЕРЕ» РОМАНЫ: ҚАЗАҚ ПЕН ОРАҒАҢ Қазақ әдебиетін көзінің тірісінде-ақ әлемге әйгілеген ұлт тарландарының бір шоғыры еске түскенде, сөз басы Оралхан Бөкейден басталары анық. Өйткені, туған елінің әдебиетін әлденеше асуға арқалап апарып, әлемдік деңгейдегі әдеби шыңның басынан қоныс әперген де осы Орағаң болатын. Аз ғұмыр кешсе де, құдіретті Уақыттан мәңгілік өмірді еншілеп алған жасампаз жазушы жайлы Марат Қабанбайдың мына пікірі дәл бүгін ойға оралады: «Цензураның мың шира тылған қызыл жіптерімен қол-аяғы мықтап байланған Оралхан Бөкей кеңесті кемсітудің жолын дәл тапты: ол – қазақты биіктету, рухын ояту. Қаламгер сондықтан да кітаптан кітапқа қазағын Алтайдың төріне өрлете берді. Ең аяғында өзі де қасқа құлынын жетектеп, қар жамылған Мұзтаудың ұшар биігінде күнге қасқая қарап, Кербұғыдай қарысып тұрып қалды. Мәңгілікке!» [1] Мұзтаудың мұзбалағы, елінің еркіндігін аңсап өткен Кербұғы – қаламгерге кеңестік цензура тұсау болса да, суреткердің талантына, астарлап, әдіптеп, бөлек жазу
Less