Қазба байлыққа ғана емес, қазына тарихқа да толы Қатон- Қарағай Алқынып Әбу-Даби барыңыз, етек-жеңіңізді түрініп түрік жеріндегі төрт теңізді кешіңіз, «италақаздың» (ұшақ дегенім ғой) иығына қонып, Италияны аралаңыз – қалтаңызды қағып қайтқаныңыз болмаса,...
More
Қазба байлыққа ғана емес, қазына тарихқа да толы Қатон- Қарағай Алқынып Әбу-Даби барыңыз, етек-жеңіңізді түрініп түрік жеріндегі төрт теңізді кешіңіз, «италақаздың» (ұшақ дегенім ғой) иығына қонып, Италияны аралаңыз – қалтаңызды қағып қайтқаныңыз болмаса, қазақтың дархан даласын шарлап оралғаныңыздай болмайды-ау, тегі… Сонда қайда бару керек дейсіз ғой? Қатонға барыңыз! Қатон деп отырғанымыз – Шығыс Қазақстан облысының шұрайлы пұшпағы – Қатон-Қарағай ауданы. Үлкен Нарын ауданы мен Қатон-Қарағайдың аумағында 92 демалыс үйі бар екен. Бардық. Көрдік. Қайың-қарағайы аралас тау шатқалдарында шатыр тіккен үйлердің көркіне көзің тояды. Қарағайдан қиып салынған үйлердің табиғи тазалығы өз алдына, орманды өлкенің саумал ауасынан сарық басып тыныстаудың рахман сәтін айтсаңызшы! Медицина ғылымы осы күні бар аурудың шипасы – тауы рахат биік, тоғайы қалың, сулы, нулы өлке деседі. Сондай жер қазақтың байтақ даласында көп кездеседі, соның ішінде Алтайға бет алсаң алдыңнан аңқылдап шығады да отырады.
Less