Ақиығы Алтайдың Шығармашылық қуаты ерекше, біртуар дарын иесі, жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл... Осынша уақыт бұрын Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, шағын ғана Шыңғыстай ауылында қазақ әдебиетінің классигі, публицист, реалист...
More
Ақиығы Алтайдың Шығармашылық қуаты ерекше, біртуар дарын иесі, жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл... Осынша уақыт бұрын Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, шағын ғана Шыңғыстай ауылында қазақ әдебиетінің классигі, публицист, реалист қаламгер Оралхан Бөкей дүниеге келген еді. Қазақтың маңдайына біткен сөз зергерінің әдебиет әлеміне жұлдыздай жарқ етіп келуі кездейсоқ емес, сол кездегі қазақ қоғамы үшін аса қажет, рухани азық пен жан-дүниеңе сілкініс жасар, қуат берер ерекше құбылыс еді... Оралхан «Ауылдағы кітапхананы түгел тауысып оқыған. Оралханның ұстаздары оны өзге балалардан ерекше деп айтатын. Көркем әдебиетті сабақтың үстіне әкеліп оқып отыратын. Әйтеуір бір амалын тауып, тығып оқып отыратын», – дейді қарындасы Ғалия Бөкеева. Бала кезінен жазушы болуды армандаған Оралхан ерте жастан кітапқұмар болған, кітапты адал досына теңеп, өзі де бар ғұмырын жазушылыққа арнаған, осылайша асыл арманына жетіп, өз қолтаңбасы, өзіндік бояуы, дара стилі бар кітап-қазынасын
Less