Кенеп бетіндегі Төр Алтай Соңғы демі үзілгенше қарт Алтайын қара сөзбен жырлап өткен Оралхан Бөкейдің туғанына биыл 80 жыл. Осынау мерейлі датаға орай жазушының туған жерінде республикалық пленэр өтті. Қазақстанның қылқалам шеберлері Алтай аясында тізе...
More
Кенеп бетіндегі Төр Алтай Соңғы демі үзілгенше қарт Алтайын қара сөзбен жырлап өткен Оралхан Бөкейдің туғанына биыл 80 жыл. Осынау мерейлі датаға орай жазушының туған жерінде республикалық пленэр өтті. Қазақстанның қылқалам шеберлері Алтай аясында тізе қосып, этюд жазды. Тойға шашу деп, өздерімен бір-бір картина да ала келген. Алғашқы күні олар Шыңғыстайға барып, ауыл көріністерін бейнеледі. Бұқтырма жағасына жайғасқан шеберлер керілген кенепке беріле отырып этюд жазғанда, кештің қалай батқанын байқамаған. Майлы бояумен жазылған әр сурет өзінше ерекше. Палитра бетінде ойнақтаған түрлі бояуды кенепке түсірген сайын ауылдың тыныс-тіршілігі көз алдымызға келе берді. Этюдтердегі жадау үйлерге қарап, жаның жабырқаса, жаңа құрылыстарға іштей қуанасың. «Оралханның ауылында этюд жазу бақыты бұйырды бізге. Алайда Оралханның бағасына әлі де жете алмай жатқан секілдіміз. Әсіресе ауылдастары оның атын асқақтатуға тиіс», дейді белгілі суретші Әділғали Баяндин.
Less