Орағаң туралы ой толғады Ел астанасында көрнекті жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті. Қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған көрмеден басталған іс-шаралар легі дөңгелек үстел басындағы...
More
Орағаң туралы ой толғады Ел астанасында көрнекті жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті. Қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған көрмеден басталған іс-шаралар легі дөңгелек үстел басындағы рухани жиынға ұласты. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханада өткен «Шолпандай таң алдында туып батты» атты конференцияға мәдениет пен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен қарапайым оқырман қауым қатысты. Маржан ӘБІШ Алқалы жиын басында Президент кеңесшісі Бауыржан Омаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың конференцияға қатысушыларға арналған құттықтау хатын оқып берді. «Оралхан Бөкей – ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосқан біртуар тұлға. Қарымды қаламгер әдебиет әлеміне алғаш қадам басқан сәттен бастап шоқтығы биік шығармаларымен оқырман қауымның ықыласына бөленді. Жазушының жауһар мұралары көптеген шет тіліне аударылды, пьесалары еліміздің іргелі өнер ордаларында қойылып, кө
Less