Орны бөлек Оралхан Биыл көрнекті жазушы, драматург, журналист Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толады. Біз осы орайда жазушының қарындасы Ғалия БӨКЕЙҚЫЗЫМЕН әңгімелесіп, орны бөлек Оралхан жайлы сөз қозғаған едік. Мерейтой қалай өтіп жатыр? – Ғалия апай,...
More
Орны бөлек Оралхан Биыл көрнекті жазушы, драматург, журналист Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толады. Біз осы орайда жазушының қарындасы Ғалия БӨКЕЙҚЫЗЫМЕН әңгімелесіп, орны бөлек Оралхан жайлы сөз қозғаған едік. Мерейтой қалай өтіп жатыр? – Ғалия апай, әңгімені тойдан бастап, оймен тұжырымдасақ деп отырмын. Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы қалай аталып өтіп жатыр? – Оралханның 80 жылдық мерейтойы өзінің туған жерінен бастау алды. «Тас түскен жеріне ауыр» дегендей, мазмұны мәйекті салтанатты шараны жақында қайта ашылған Катонқарағай ауданының әкімдігі жауапты болып өткізді. Осы орайда шараның жоғары деңгейде өтуіне көп күш салған Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиаханұлына айрықша алғыс айтамын. «Жас келсе – іске» дегендей, ерен іскерлік танытып, ауданның жаңа ашылғанына, қаражаттың тапшылығына қарамай, туған жеріміздің тумасы деп Оралханды ұлықтап жатқанына тойға келген дүйім жұрт разы болды.
Less