Үндістанда үзілді жүрек жібі... Жақында Астанада көрнекті жазушы, драматург, журналист Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған жиын өтті. Шаралар легі Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесінен басталды. Көрнекті...
More
Үндістанда үзілді жүрек жібі... Жақында Астанада көрнекті жазушы, драматург, журналист Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған жиын өтті. Шаралар легі Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесінен басталды. Көрнекті жазушының мерейтойына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ресми құттықтау хаты табысталды. «Оралхан Бөкей – ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосқан біртуар тұлға. Қарымды қаламгер әдебиет әлеміне алғаш қадам басқан сәттен бастап шоқтығы биік шығармаларымен оқырман қауымның ықыласына бөленді. Жазушының жауһар мұралары көптеген шет тіліне аударылды, пьесалары еліміздің іргелі өнер ордаларында қойылып, көрермен көзайымына айналды. «Алтайдың Кербұғысы» атанған ерекше дарын иесінің шығармашылық жолы, азаматтық ұстанымы және қайраткерлік қасиеті – жастарға әрдайым үлгі-өнеге. Оның мол әдеби мұрасы әлі талай ұрпаққа рухани азық бола беретіні сөзсіз» делінген құттықтау хатта. Ұлттық академиялық кітапханада өткен конферен
Less