Алтай алқалаған жазушы Өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдары қазақ әдебиетіне тұғыры биік, тұрпаты бөлек сипаттағы тұрлаулы дүниелерімен, жеке дара талантымен жұртты жалт қаратқан бірегей жазушылар келді. Олардың тудырған қадау-қадау туындылары,...
More
Алтай алқалаған жазушы Өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдары қазақ әдебиетіне тұғыры биік, тұрпаты бөлек сипаттағы тұрлаулы дүниелерімен, жеке дара талантымен жұртты жалт қаратқан бірегей жазушылар келді. Олардың тудырған қадау-қадау туындылары, әртүрлі тақырыпты әдіптеген, айтарын астарлап жеткізуді мақсат қылған, тың нәрсені қаузауға талпыныс танытқан легі бүгінгі күні де рух сардарындай салқар көште сап түзеп тұр. Туған жылы мен шығарманы тудырған жылы алыста қалған күндер демесеңіз, қай-қайсы болмасын біздің қоғамның әлеуметтік шындығын да, адамдар қолымен жасалатын сұмдығын да әшкере қылады. Бүгінгі күні көп оқылатын, кейіпкерлер кескінімен санаңда дөп тоқылатын жазушының дәл өзі Оралхан Бөкей екеніне танымы терең адамның таласы болмаса керек. Шығармашылыққа бой ұрған қалам иесі ретінде Оралхан Бөкейдің шығар- машылығымен бала кезден таныспыз. Десе де көңіл қойып оқып, зер салып, қыр- сырына үңілуіміз бертін басталды. Қатты әсер еткен туындысы – «Кербұғы» әңгімесі. Алғашында
Less