Айгүл Кемелбаева, жазушы Оралхан Бөкей. «Қар қызы». 1. Қар символикасы. Жазушы ә дегеннен әлемнің тепе-теңдігін сақтаушы ұлы күш, мәңгі тоң еліндей қысқы қар патшалығын нақты суреттейді. Ол керемет көркем, сұмдық меңіреу, қатал, табиғи аймақ. Оралханның қар...
More
Айгүл Кемелбаева, жазушы Оралхан Бөкей. «Қар қызы». 1. Қар символикасы. Жазушы ә дегеннен әлемнің тепе-теңдігін сақтаушы ұлы күш, мәңгі тоң еліндей қысқы қар патшалығын нақты суреттейді. Ол керемет көркем, сұмдық меңіреу, қатал, табиғи аймақ. Оралханның қар дүниесі көктен төңкерілген алып қазандай, сол кеңістікті тұтас көміп тастардай мол: «Бұл ауылдың адамдары қарға тұншығып өліп қалмағанына тәубе жасайсыз». Жазушы «суға тұншығу» демейді, бірақ қар – суықтың әсерінен судың мұздаған түрі, физикалық басқа күйі емес пе! Ол тасқын, жойқын, алапат табиғат стихиясын суреттейді. Оның сұлулығы: «Қара көк аспан гауһарға малынып тұр». Қар – повестің құс жолындай көсілген түп негізі, жайлауы, асқары, саф тазалық кепілі әрі символы. Мәңгі жасыл белдеулер, қысы-жазы жылы тропикалық жақтар үшін кіршіксіз аппақ қардың баға жетпес қасиеті жұмбақ. Қар қара құрылық Африканың ұйықтаса түсіне кірмейді. Түсі ақ болған соң емес, әрине, ауа суытудан туады. «Біздің жақта қыс ұзақ», «Мынау аппақ дүние» – кез
Less