НАЙМАННЫҢ МАҚТАНЫШЫ ТОҒАС БАТЫРДЫҢ ХАН БОЛҒАНЫ РАС ПА? (1-шi бɵлiм) Жаугершілік заманда батырлардың батырын, жауынгерлерді бастайтын қолбасшыны хан етіп халықтың өзі сайлаған. Олардың бойында батырлықпен қатар елді соңынан ерте білетін ұйымдастырушылық...
More
НАЙМАННЫҢ МАҚТАНЫШЫ ТОҒАС БАТЫРДЫҢ ХАН БОЛҒАНЫ РАС ПА? (1-шi бɵлiм) Жаугершілік заманда батырлардың батырын, жауынгерлерді бастайтын қолбасшыны хан етіп халықтың өзі сайлаған. Олардың бойында батырлықпен қатар елді соңынан ерте білетін ұйымдастырушылық қабілет, жұртын өзіне қарататын ақыл-парасаттың болуы да шарт екен. Ел аузындағы аңыз-әңгімелер мен көнекөз қариялардың айтуынша, осындай бабаларымыздың бірі Тоғас хан болған көрінеді. Бұл кісі туралы жазбаша материалдар әзірге қолымызда жоқ. Оның туған жерін, қай жылы өмірге келгенін дәл басып айту қиын. Сондықтан да, ел аузында сақталған аңыз-әңгімелерге сүйенеміз. Оның неліктен «Хан Тоғас» атануын айтушылар әр қилы түсіндіреді. Әдетте, өз атасын басқалардан гөрі ұрпақтары жақсы біледі ғой. Тоғастың оныншы ұрпағы, бүгінде алпысты алқымдаған, «Комсомол» совхозының тұрғыны, шежіре десе жаны құмар, өткеннен хабар-ошары мол Тікқұлақов Сыдық былайша әңгімелейді: «Тоғас төрт әйел алыпты. Бірінші алған әйелінен Назарқұл, Базарқұл, Рысқұл туад
Less