ХХ ғасырдың 30-шы - 40-шы және 50-ші жылдарының басындағы жаппай саяси қуғын-сүргін адамзат тарихына тоталитарлық режимнің өз халқына қарсы айуандығы ретінде кірді. 1930-шы жылдардың басындағы КСРО-дағы ашаршылық – ХХ ғасыр тарихындағы қазақ халқының басына...
More
ХХ ғасырдың 30-шы - 40-шы және 50-ші жылдарының басындағы жаппай саяси қуғын-сүргін адамзат тарихына тоталитарлық режимнің өз халқына қарсы айуандығы ретінде кірді. 1930-шы жылдардың басындағы КСРО-дағы ашаршылық – ХХ ғасыр тарихындағы қазақ халқының басына түскен ауыр қасірет. Бұл зобалаң орталық биліктің күшпен ұжымдастыру, ауыл шаруашылығының нақты мүмкіндіктерін ескермей азық-түлікті дайындау жоспарын еселеп өсіру және де осыған мәжбүрлеу, кулактарды тап ретінде жою, қазақтардан малды тәркілеу, ежелден көшпелі қазақ халқын бірден отырықшылыққа айналдыру секілді ресми саясатының қайғылы нәтижесі болды. Ұлт жанашыры Әлихан Бөкейханның зерттеулеріне сүйенсек, ашаршылық 4 миллионнан аса адамның өмірін жалмаған.
Less