АЛҒЫ СӨЗ «Әуелі бұл шіркінді бастау қиын» - деп Естай баба жырлағандай, өлең жазып, ақын болып қалыптасудан көрі, алдымен өзіңнің ақын екеніңді тануың, өз-өзіңнің мойындауың қиынның қиыны. Жазғаныңның өлең екеніне де сене алмай біраз сенделумен жүресің....
More
АЛҒЫ СӨЗ «Әуелі бұл шіркінді бастау қиын» - деп Естай баба жырлағандай, өлең жазып, ақын болып қалыптасудан көрі, алдымен өзіңнің ақын екеніңді тануың, өз-өзіңнің мойындауың қиынның қиыны. Жазғаныңның өлең екеніне де сене алмай біраз сенделумен жүресің. Осындай күмәнды ойларды басынан кешпей «ақынмын» деп сабалай бергеннен жақсы өлеңде, жартымды ақында шықпайды. Амантайдың сонау 1970 жылдардың басында қағаз бетіне түскен өлеңдерінің барына қарап, өзіне өзі сенбей, жазған өлеңін «өлең» екен деп бағаламай біраз жүргенін, көпке дейін өзін-өзі танымай сенделгендігіне куә боласың. Оның «Туған жермен қоштасу» атты толғауы жиын тойларда орындалып, көптің қошаметіне бөленумен жүрді. Ары қарай жалғастырып жазған өлеңдерімен етене таныспағандықтан, сол кезде атамекенге оралғандардың сағыныштың әсерінен бе? Шетінен ақын болып кеткендігін көріп, бұл да сондай әсерден туған туынды шығар деген ойда болдым. Соңғы кезде жазған өлеңдерін, бүкпелемей үнемі қаратып ақыл-кеңес алумен келеді. Өлеңдерін оқи
Less