Шолақ Төңкерілген қазандай бір-біріне ұқсас ұсақ адырды шарлап ұзақ жортқан. Жұмырына жұқ болар ештеңе таба алмай, төбе бөктеріндегі ұйыса өскен бір топ торы тобылғының саясына келіп дамылдады. Бауырын төсеген қара жерден сезілген салқын лептен, сақылдаған...
More
Шолақ Төңкерілген қазандай бір-біріне ұқсас ұсақ адырды шарлап ұзақ жортқан. Жұмырына жұқ болар ештеңе таба алмай, төбе бөктеріндегі ұйыса өскен бір топ торы тобылғының саясына келіп дамылдады. Бауырын төсеген қара жерден сезілген салқын лептен, сақылдаған сары аязды қаһарлы қыстың жақын қалғанын ұғынды. Қыс келсе мына иен қалған сайын даладан талғажау таба алмасы анық. Бұрынғы жылдардағы молшылық күндер көз алдын торлап, көңілі құлазып, басын алдыңғы аяқтарының үстіне қойып ұзақ мүлгіді... Көзін ашқалы осы өңірді мекендеп келеді. Бөлтірік кезінен аштық дегеннің не екенін сезінбей өсті. Жансерігі Сұрқаншық екеуінің қатар жүріп ойран салған кездері естен кетер ме? Барлығы сол бір жансерігінен айырылған қаралы түннен басталды. Әдеттегідей екеуі түн жамылып келіп, етекте жатқан жылқыға шапқан. Шеткері тұрған ала тайды жұқа шаптан тартып құлатып, әп-сәтте жайратқан бұлар, жылы етке енді ауыз сала бергенде, сол жақтағы қырқадан қатарласа атылған отқару бәрін ойран етті. Сұрқаншық көкке шапш
Less