Ата тегіміздің айнасы «Орталық Қазақстан» гахетінің бетінен Қарқаралы, Павлодар уйездерінің рулық шежірілері жарияланған еді. Кейінгі жежіре 1903 жылы Воронеж қаласында басылып шыққан «Материалы по Киргискому землепользованию собранные и разработанные...
More
Ата тегіміздің айнасы «Орталық Қазақстан» гахетінің бетінен Қарқаралы, Павлодар уйездерінің рулық шежірілері жарияланған еді. Кейінгі жежіре 1903 жылы Воронеж қаласында басылып шыққан «Материалы по Киргискому землепользованию собранные и разработанные экспедицией по иследованию степных областей. Семипалатинская область. Павлодарсский уезд. т. ІҮ»атты кітаптан алынған еді. Осы кітаптың сонғы тарауында «Павлодар уйезін қоныстану тарихы» деген бөлім бар. Кітаптың алғы сөзінде осы экспедицияны басқарушы және басылымды шығарушы Ф.Шербин «Павлодар уезін қоныстау тарихы» бөлімін жазған Әліхан Бөкейханов деп атап көрсеткен. Жарияланған шежірені толықтыра түсетін мақала болғандықтан, орысшадан аударып оқырмандарға ұсынуды жөн көрдік. Тағы бір айта кететін жәіт, бұл кітаптың құндылығы сол,- біздің ата- бабаларымыз мекендеген ауылдардың, қыстаулардың, бұлақ, өзендердің тағы басқа жер- су атауларынан мәліметтер аламыз. Кәзір елді мекендердің төл атауларын қайтарып жатқанымызда бүл таптырмайтын бағ
Less