ҒАЗИЗ ЕШТАНАЕВ: «ЖАСТАРДЫҢ ӨЛЕҢДЕРІНДЕ ЖАЛЫН, ЖАРҚЫЛ БАР» Қазыналы, шежірелі өлке Жезқазған қаласының 60 жылдығы мерейтойы қарсаңында «Жыр арқаруы – Жезқазған» атты жазба ақындар арасында облыстық мүшәйра өткізілген болатын. Осы мүшәйра да поэзияда өзіндік...
More
ҒАЗИЗ ЕШТАНАЕВ: «ЖАСТАРДЫҢ ӨЛЕҢДЕРІНДЕ ЖАЛЫН, ЖАРҚЫЛ БАР» Қазыналы, шежірелі өлке Жезқазған қаласының 60 жылдығы мерейтойы қарсаңында «Жыр арқаруы – Жезқазған» атты жазба ақындар арасында облыстық мүшәйра өткізілген болатын. Осы мүшәйра да поэзияда өзіндік рухы мен үні бар, қазақтың айтулы ақыны Ғазиз Ештанаев ағамыз бас жүлдені қанжығаға байлады. Орайы келіп, ағамызбен салихалы сұхбат құрдық. - Ғазиз аға, жүлдеңіз құтты болсын? Алғашқы сауалымызды өзіңіздің балалық шағыңыз бен жастық көктеміңіздің естеліктерінен бастасақ. -Рахмет! Жүлде сенің бар болмысыңның, шығармашылық мүмкіндіктеріңнің, азаматтық байламдарыңның өлшемі бола алмайды ғой. Жарыс болып, сол жарысқа қосқан өлеңің көзге ілініп жатқанда берілетін мезеттік марапат деп бағалаймын. Әрине, өз қалам-Жезқазғанның тойында осындай бағалауға ие болып жатқаныма қуаныштымын. Балалық шақ, жастық шақ дейсің бе? Біз, менің замандастарым жайлы айтып отырмын, Кеңестік кезеңнің балаларымыз. Тәрбиеміз, алған біліміміз, бойымызға сіңірген а
Less