Оралхан Бөкей
(1943 – 1993)
Туған жері – Алтайдың сұлулығын, тәкәппарлығын,
асқақтығын жырлаған, азғантай ғұмырында сондай
асқарлы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де
шығарып үлгерген шешен тілді шебер суреткер
Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте...
More
Оралхан Бөкей
(1943 – 1993)
Туған жері – Алтайдың сұлулығын, тәкәппарлығын,
асқақтығын жырлаған, азғантай ғұмырында сондай
асқарлы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де
шығарып үлгерген шешен тілді шебер суреткер
Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс
Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында
Шыңғыстай селосында дүниеге келген.
Небір жауһар туындыларын қалдырып кеткен Оралхан
Бөкей Ә. Кекілбаетың сөзімен айтқанда «...жиырмасыншы ғасырдағы қазақ
әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткерлерінің бірі ретінде...» халқының
жадында мәңгі қалды.
Жазушының әкесі Бөкей мен анасы
Күлия
Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл
соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға
еңбек майданына аттанған кез болатын.
Отбасында көптен күткен ұл бала туды, туғантуыстың қуаныштарында шек жоқ, анасы
Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен
оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан
деп қойған екен.
Әке-шеше, ата-әже балаға өнеге де үлгі
ғой. Олар аянбай еңбек еткен жандар болды.
Әкесі көп сөйлемейтін, сөйлесе мі
Less