ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРЫ С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Bookdating – кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасы бастау алды. Жоба «Кітап - табысқа апарар дара жол» іскерлік алаңында қаланың табысты адамдарымен кездесулер өткізді. 26...
More
ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРЫ С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Bookdating – кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасы бастау алды. Жоба «Кітап - табысқа апарар дара жол» іскерлік алаңында қаланың табысты адамдарымен кездесулер өткізді. 26 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхана аумағында әртүрлі мамандық, түрлі ұлт өкілдерін біріктірген, әр жастағы 200-ден аса балқаштықтардың қатысуымен «KITAPFEST» кітап фестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль қонақтарының назарына келесі алаңдар ұсынылды: «Өнер қиылысы» сазды-әуен алаңы; «33 ойлар» шеберханасы; «Көңіл толқыны» жыр алаңы; «Кітап пен спорт жеңіске жетелейді» спорт алаңы; «Өзің оқы, өзгелерге ұсын!» буккроссингі; «Ғажайып елі» балалар алаңы; «Жарқын әлем» би алаңы; фотоаймақ; «Сиқырлы сандық» кітап лотереясы; «Ұлы даланың жеті қыры» этноалаңы жұмыс жасады. Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Б
Less