Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай Қалалық орталық кітапхананың дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінде «Ерліктің даңқы мәңгілік» атты сериялық жаднаманың шығарылымдары ұсынылған болатын. Биылғы 2-ші шығарылымы қаһарман батырларымыз М.Ғабдуллиннің 100...
More
Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай Қалалық орталық кітапхананың дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінде «Ерліктің даңқы мәңгілік» атты сериялық жаднаманың шығарылымдары ұсынылған болатын. Биылғы 2-ші шығарылымы қаһарман батырларымыз М.Ғабдуллиннің 100 жылдығына, Б.Момышұлының 105 жылдығына, Т.Тоқтаровтың 95 жылдығына арналып отыр.
Жаднамада Ұлы Отан соғысы жылдарына ерліктің, қаһармандықтың тамаша үлгісін көрсеткен жауынгерлерлеріміздің өмір жолы, ерліктері жайында айтылады. Мақсатымыз болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға тәрбиелеу.
Less